424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау іргесіндегі ауылдар енді қалалық статус алатын болады

  • 934
  • UPD: 23:05, 12.12.2019

Атырау қаласында тұрғындар санының артуына байланысты жол-көлік инфрақұрылымын қайта жасақтау туралы 3 жылдық кешенді бағдарлама қолға алынған болатын.

Соған сәйкес, биыл 15 шақырым жол жаңартылып, бұрынғы тар көшелер кеңейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ қала іргесіндегі ауылдар енді қалалық статус алатын болады. Осылайша, үш жылға арналған жобаның бірінші кезеңі өз жемісін бере бастады.

Құрманғазы даңғылы Атырау қаласындағы ең ұзын да, көлік қозғалысы қарқынды көше болатын. Биыл шілде айынан бастап мұнда 4 шақырымдай жол толықтай қайта жаңғыртылды. Бұрынғы 4 жолақты жол 25 метрге кеңейіп, алты жолаққа айналды. Осы заманғы озық технологияға негізделген құрылысхалықаралық стандарттарға толық жауап береді.

Ермек Хамидуллин, мердігер мекеменің өкілі:

Жолдың қалыңдығы 80 см. Оның 30 сантиметрі асфальт, 20 сантиметрі құм, 30 сантиметрі қиыршықтастан тұрады. Жолдың кеңейтілуіне байланысты автокөлік өткізу мүмкіндігі артты. Сосын кейбір бағдаршамда оң жаққа бұрылып кететін кедергісіз жолдар салдық. Олар бағдаршамға бағынбай, өз жолағымен жүріп өтеді.

Бұдан өзге мұнайлы шаһарда биыл жаяу жүргіншілер жолына қосымша алғаш рет 9 шақырымдық велосипед жолағы салынды. Бұрын веложүргіншілер үлкен жолға шығып кетіп, көше қозғалысына кедергі келтіріп келген. Енді әр көліктің өз жолы бар.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы, қала әкімі

- Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады. Жалпы екі жылдың ішінде Атырау қаласы бойынша 34 шақырымды құрайтын 11 көше қайта жаңартылады. Сондай-ақ қаланың аумағы кеңеюіне байланысты Махамбет ауданына қарасты болған Алмалы округі оның ішіне Береке елді мекені кіреді. 1 қаңтардан бастап атырау қаласына қосылатын болады.

Сондай-ақ бұрын Дербес селолық округі болған 3 ауыл қала құрамындағы ықшам ауданға айналды

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы