420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Eurasian Resources Group компаниясы үздік серіктестерін марапаттады

  • 416
  • UPD: 23:45, 12.12.2019

Eurasian Resources Group компаниясы тауар жеткізуші, жұмыс пен қызмет көрсетушілер арасында жарияланған байқаудың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ERG Supplier Award» марапатына Еуразиялық топпен сенімді әрі тығыз жұмыс істеген 20 шақты компания лайық деп танылды.

«ERG Supplier Award» байқауы жыл басында жарияланған. Осы уақыт аралығында серіктестер арасында ең үздіктері анықталып, көпшілік алдында марапатталды. Байқау ERG компаниясының 25 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған.

Ильмир Масгутов, «ERG коммерциялық орталығы» ЖШС бас директоры:

25 жыл дегеніңіз, ширек ғасыр, тарих. Осы уақыт ішінде біз аяқтан тұрып алып, компанияға айналдық және өзімізді таныта білдік. Бүгінде нарықтағы өндірістің түрлі саласында 230 мыңдай тауар мен қызмет түрін тұтынамыз. Әрине ұзақ мерзімді жұмыс істейтін сенімді серіктестермен достық байланыс орнатуға үлкен мән береміз.

Бүгінде ERG табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында жұмыс істейтін  әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Жыл сайын жалпы сомасы 2 жарым миллиард долларға тауар, мен қызмет түрлерін сатып алады. Яғни осы мақсатта 10 мыңнан астам компаниямен жұмыс істейді.

Индира Крикишева, «Азия фильтр» ЖШС директоры:

- Біздің басты ERG-дағы серіктестігіміз – ауа тазалайтын фильтрлерді қоямыз. Фильтрлерді 10 жылға жуық осы ERG компаниясымен қойып келе жатырмыз. Бүгінгі күнде осы ERG компаниясын 25 жылдығымен құттықтаймын. Біздің серіктестігіміз одан әрі дамып, өзінің шарықтау шыңына жете берсін. Бұл сыйлықты бүгінгі күнде «Ремарк Кайзер» деген зауытымыз алып жатыр. ERG сенім артқанына үлкен алғысымызды білдіреміз.

ERG тауар мен қызмет түріне тапсырыс бергенде отандық компанияларға басымдық береді. Соның арқасында сатып алынатын әрбір төртінші тауар қазақстандық өнімның үлесінде. Сондықтан бүгінде жергілікті өндірушілер жеке аталымда марапатталды. Айта кетейік ERG Supplier Award марапатын өткізу бастамасын ERG-дің коммерция орталығы көтерді.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

 

Хабар 24 телеарнасы