420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы ERG компаниясының ұжымын мерейтойымен құттықтады

  • 482
  • UPD: 23:32, 12.12.2019
Елбасы ERG компаниясының ұжымын мерейтойымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық топ құрамына кіретін кәсіпорындардың ұжымын компанияның 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Тұңғыш Президенті Еуразиялық топтың Қазақстанмен бірге ширек ғасыр уақыт тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарында аталған компания бірқатар қиын кезеңдерді еңсере білді. Дамыды. Өсті. 150 мыңнан аса жұмыс орнын ашты. Өндірісті дамыту үшін ERG 13 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады. Бірқатар әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуына қолдау көрсетті. Елбасы табысты еңбек ете білген іргелі компанияның ұжымын 25 жылдық мерейтойларымен құттықтай отыра, одан әрі даму қажеттігін айтты.

Жасанды зияткерліктің дәуірінде өндірісті де барынша жаңа технологияларға негіздеу керектігін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы