410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылы қорытындыланды

  • 614
  • UPD: 09:19, 13.12.2019
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылы қорытындыланды

Елімізде Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы қортындыланды. 2015 жылдан бастап жалпы құны 4,99 трлн теңге болатын 512 жоба іске асқан.

Нәтижесінде 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру бағдарламасы 2010 жылы басталған еді. Содан бері машина жасау саласында 59 жоба іске қосылып,  өнім көлемі 1,2 есеге артқан. Химия өнеркәсібінде 1,7 есеге өсім байқалады. Жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірісі 1,6 есеге артты. Сондай-ақ құрылыс материалдарының өндірісі 1,3 есеге дейінгі өскен. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де 20 трлн теңгені құрады. Индустрияландырудың нәтижесінде елімізде экономиканың мұнай өңдеу, электр энергетикасы секілді ірі салалары да дамыды.

Хабар 24 телеарнасы