378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында дөңгелек үстел өтті

  • 164
  • UPD: 09:53, 13.12.2019
Алматыда мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында дөңгелек үстел өтті

Өскелең ұрпаққа ұлттық кодты таныту басты мақсат. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру  институты ұйымдастырған дөңгелек үстөл осы тақырыпқа арналды.

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткізілген бас қосуда өскелең ұрпақ  бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру, білім беру ісінде  мәдени-генетикалық кодты  ұтымды пайдалану жайы сөз болды.  Әр пәнді қызықты өткізу жолдары талқыланды. Тарих пәніннің мұғалімдері, мектептерде өлкетану мұражайлары болса деген тілектерін білдірді.   

Абылай Төлегенов, тарих пәнінің мұғалімі:

- Мектептердегі өлкетану музейі балаға не үшін қажет. Біріншіден, бала сол жәдігерді көреді.  Қолмен ұстап сезеді. Жыл сайын көптеген  ғылыми байқаулар, ғылыми жобалар байқаулары болады. Оған оқушылар өздерінің  осындай бір жобаны алып,  соны нақты зерттеп,  сыни ойлау қабілетін арттыратын болса, балада нағыз тұлғаға тән қасиеттер қалыптасады деп есептейміз. Әр азаматтың өзінің туған өлкесіне деген, оның шығу тарихына, оның табиғатына деген ыстық махаббаты, сезімі оянады.

Хабар 24 телеарнасы