423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды – Ерлан Тұрғымбаев

  • 418
  • UPD: 09:51, 13.12.2019
Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды – Ерлан Тұрғымбаев

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылды.

«Қылмыстық құрамның болмауына байланысты ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды. Оның ісіне қатысты барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің заңдылығын тексеру үшін материалдар прокуратураға жөнелтілді», - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына.

Айта кетейік, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді. Ал бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндіріп берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы