432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылдан бастап мүгедек жандар жетекшілік қызметке тағайындалады

  • 924
  • UPD: 10:12, 13.12.2019
2020 жылдан бастап мүгедек жандар жетекшілік қызметке тағайындалады

Келесі жылдан бастап елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар жоғары лауазымды қызметке ие бола алады, деп хабарлады Елорда Инфо.

«Жаңа жылдан бастап мүгедектігі бар жандарды мемлекеттік органдарға оның ішінде жетекшілік қызметтерге тағайындай бастаймыз. Бұл жөнінде премьер-министрмен келістім. Мысалыға алсақ, егер ол құрылысшы болып, бірақ мүгедектігі болса, демек ол маман деген сөз. Демек ол құрылыс саласына қатысты департамент директоры немесе басқарма басшысы бола ала деген сөз. Мұндай практика бүкіл әлем елдерінде бар. Яғни мүгедектігі бар министр немесе депутат. Осындай кешенді шара арқылы азаматтарымыздың экономикалық белсенділікке тартпақпыз», - деді ҚР Еңбек және халықты қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Сенатында тілшілердің сұрақтарына.

Хабар 24 телеарнасы