376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының қызметкері пара алды деп күдіктелуде

  • 167
  • UPD: 11:45, 13.12.2019
Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының қызметкері пара алды деп күдіктелуде

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының Қарағанды филиалының директоры сыбайлас жемқорлыққа күдіктілуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Қарағанды филиалының директорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол қызмет бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден 150 мың теңге пара алды деп күдіктілуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы