419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

LRT ісі: Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр

  • 1187
  • UPD: 19:52, 13.12.2019
LRT ісі: Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр

LRT ісі бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департамент басшысы Сергей Перов мәлімдеді. Арнайы баспасөз мәслихатында миллиардтаған қыржының қалай жымқырылғаны айтылды. Қылмыстық істі елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков мен Астана LRT басшысы Талғат Ардан ұйымдастырған көрінеді. Бұл іске тағы бірқатар компанияның қатысы бары белгілі болды. Осы іс бойынша әкімдіктің 5 лауазымды тұлғасы және мердігер ұйымдардың 6 басшысы жауапқа тартылып жатыр. Олардың ішінде 5 күдікті қамауға алынған. Аль 3 адам халықаралық іздеуге берілген.

Сергей Перов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы:

– Қылмыстық істі елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана LRT басшысы Талғат Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың көмегімен ұйымдастырған. Осы лауазымдағы тұлғалар әкімдік басқармаларының бұрынғы басшылары қатысуымен 24 млрд теңгеден астам қаражат жымқырған. Бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңесшілік қызметтерді көрсету және техникалық бақылау шығындары кіреді.

Хабар 24 телеарнасы