419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы құқық қорғау саласының наградасымен марапатталды

  • 749
  • UPD: 15:52, 13.12.2019

Елордада үздік тәртіп сақышларына мемлекеттік награда тапсырылды. Салтанатты шараға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қатысып, үздік тәртіп сақшыларын марапаттады. Құқық қорғау саласына сүбелі үлес қосқандарпдың арасында «Хабар» агентігінің төрағасы Ерлан Бекхожин да бар. 

Ерлан Қалижанұлына «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шарада ұзын-ырғасы 32 полиция қызметкері марапатталды. Еліміз егемендік алғалы қызметтік борышын адал атқарып, ерен ерлігімен көзге түскен 1 мың 340 полиция қызметкеріне мемлекеттік награда табысталған. Оның 131-і қаза тапқан кейін наградталды.  

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстан полициясы қарымды күштік құрылымға айналды. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Қазір ішкі істер саласында еңбек ететіндердің табысы ұлғайды. Тек мықты қызметкерлер іріктелді. Сондықтан тәртіп сақшылары алдағы уақытта да қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы