424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арыстағы төтенше жағдай кезінде тынымсыз еңбек еткен «Хабар 24» арнасының тілшісі марапатталды

  • 820
  • UPD: 15:53, 13.12.2019

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Хабар 24» арнасының Түркістан облысындағы тілшілер қосынының  журналистері мен операторы Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хаты және төсбелгісімен марапатталды. 

Бұл марапат оларға  Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде бір апта тікелей эфирде тоқтаусыз әрі демалыссыз еңбек етіп,  шұғыл әрі шынайы ақпарат таратқаны үшін беріліп отыр. Аталған марапатты әріптестерімізге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мерекелік кеште салтанатты түрде табыс етті. 

Айта кетейік, Арыстағы орын алған жарылыс  кезінде Түркістан облысындағы қосын тілшілері Жандос Жұмабек пен Рауль Ғабитов және телеоператор Ерболат Әбішов бір аптада әр сағат сайын бас-аяғы 100-ден аса тікелей қосылымға шыққан.  Сондай-ақ, олар жаңадан құрылған Түркістан облысының ақпарат саласына және әлеуметтік–экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ендеше әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз. 

Жандос Жұмабек, «Хабар 24» арнасының Түркістан облысындағы тілші:

- Биылғы жыл Түркістан облысы үшін сындалы жыл болды. Арыстағы төтенше жағдай кезінде тек Түркістан облысының жұртшылығы ғана емес, бүкіл Қазақ елі аяғынан тік тұрып, алаңдаушылық білдірді. Осы оқиғаны БАҚ өкілдері тынымсыз еңбек етті. Соның бірі – өзімізде «Хабар», «Хабар 24» арналары арқылы әр сағаттың басында тікелей эфирде шыныайы әрі нақты ақпарат тараттық. Міне сол кездегі тыгымсыз еңбегімізді еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елеп, ескеріп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай алғыс хатпен марапаттап отыр. Ел президентіне айтары алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы