423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда бір топ браконьерден 11 келі қара уылдырық тәркіленді

  • 697
  • UPD: 17:43, 13.12.2019
Атырауда бір топ браконьерден 11 келі қара уылдырық тәркіленді

Заңсыз бекіре балығын аулаған бір топ атыраулық браконьерлік әрекеті үшін тергелуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

«ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылы қараша айында бекірены сату мақсатында аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекетті ұйымдастырған бір топ атыраулықтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті», - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 64 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Заңсыз айналымнан 139 келі бекіре тұқымдас балық пен 11 келі қара уылдырық алынған. ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармағы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу») 339-бабы 2-б. 2-т. («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Хабар 24 телеарнасы