375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында ғылымға бет бұрған жастарға арналған зертхана ашылды

  • 185
  • UPD: 20:07, 13.12.2019
Қызылорда облысында ғылымға бет бұрған жастарға арналған зертхана ашылды

Қызылорда облысында химия, физика және биология ғылымдары бойынша жан-жақты еңбектеніп жүрген 150-ден астам жас ізденуші бар, деп хабарлайды «Хабар 24»

Дарынды ғалымдарға арналып жуырда жергілікті жоғары оқу орнында заманауи құрылғыларымен жабдықталған зертхана ашылды. Бұл өз кезегінде ғылымға бет бұрған мектеп оқушыларылары мен студенттерге және магистранттарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Соның бірі – 28 жасында PHD докторы атанған Жаңыл Әбілбек. Қазақ-британ университетінде жоғары білім алған ол магистратураны Румынияда оқыды. Туған жерге оралып, оқытушылық қызметімен қатар ғылыми ізденісін жалғастырып келеді. Өңірде заманауи зертхана болмағандықтан Түркияға барып зерттеу жұмыстарын жүргізуге тура келді. Жаңыл қазір қоршаған ортаны мұнай қалдықтарынан тазарту бағыты бойынша терең сараптамалық талдауға ден қойған. Асфальтты-парафинді шөгінділерін түрлі химиялық қоспалармен әрекеттестіріп, топырақты зақымданудан қорғау тәсілдерін ұсынады.

Жаңыл Әбілбек, Phd докторы, жас ғалым:

– Мұнай қалдықтарының экологияға тигізіп жатқан зардабын біліп отырмыз. Әсіресе Қызылорда өңірінде Құмкөл кен орнына баратын болсақ, көптеген қалдықтардың жәйдан-жәй экологияға зиян тигізіп отыр. Ал біз сол кенді осы полигон астына гидроизоляциялық материал төсеу арқылы қалдықтарды сақтап, көму арқылы 50-70 жыл өз қызметін еркін атқаруына себепші болып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы