379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық студенттер Президент тапсырмасын қуанышпен қабылдады

  • 223
  • UPD: 20:10, 13.12.2019
Қызылордалық студенттер Президент тапсырмасын қуанышпен қабылдады

Шәкіртақының көбеюі студенттердің оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сыр жастары Президент тапсырмасына орай осындай пікір білдірді. Бүгінде Қызылорда облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждерінде 31 мыңға жуық өрен білім алуда. Олардың ішінде 3 мың 65 жас жұмысшы мамандықтарын таңдаған. Сондай-ақ өңірдегі аз қамтылған отбасылардың 3 мыңдай студентінің жол ақысына қаржылай қолдау беріліп отыр. Мұнан бөлек, бүгінде 900-ге жуық ауыл жасы облыс әкімінің гранты негізінде оқып жүрсе, тағы 510 талапкер Ресей үкіметінің гранты бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі жоғары оқу орындарына түсті.

Ерлан Сипанов, облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері:

– 25 пайызға өскені студент жастарға үлкен көмек. Өйткені ауданнан келетіндер, жатақханада жататын студенттеріміз бар. Оларға үлкен қолдау. Жол ақысына, тамағына, киіміне үлкен қолдау. Соның арқасында жұмысшы жастар саны көбейеді, білімді жастар саны көбейеді. Жұмыссыз NEET санатындағы жастардың саны азаюына бірден-бір үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы