417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мереке қарсаңында 240 қызылордалық отбасы баспаналы болды

  • 760
  • UPD: 21:47, 13.12.2019
Мереке қарсаңында 240 қызылордалық отбасы баспаналы болды

Азаттықтың ақ таңы атқан айтулы мереке қарсаңында қызылордалық 240 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мемлекеттік бағдарлама аясында Сырдарияның сол жағалауына қоныстанушылардың саны жылдам артып келеді. Бұған дейін де жалпы ауданы 4 жүз мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Бес қабатты нысандардың құны 2 жарым миллиард теңге шамасында. Жаңа қалашықта қазір республикалық, облыстық бюджеттерден 16 арендалық және 17 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы кейінгі жылдары облыс орталығында 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам сырбойлық қоныс тойын тойлады. 

Ұлмекен Фархадқызы, қала тұрғыны:

– Осы жастар жылында жас отбасыларға үлкен көмек болып жатыр. Қуаныштымыз өте. Сырдың сол жағалауындағы болашақтың қаласында бірінші тұрғын болып келіп жатырмыз. Біз 2012 жылдан бері кезекте тұрмыз, ұзақ уақыт болды, ұзақ күттік. Қуанышымызда шек жоқ.

Ұмыттық Естаева, қала тұрғыны:

– 3 бөлмелі үй көңілімнен өте жақсы шықты. Өте кең, әр бөлмесі кең, ойымыздан шықты. Ашық, жарық, жылы, зәулім сарайдай үй. Рақмет.

 

 

Хабар 24 телеарнасы