417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызмет барысында қаза тапқан полицей әйелге «Ерлігі үшін» медалі берілді

  • 677
  • UPD: 16:13, 14.12.2019
Қызмет барысында қаза тапқан полицей әйелге «Ерлігі үшін» медалі берілді

Қызметтік міндеттін атқару кезінде қаза тапқан еліміздегі жалғыз полицей әйел Ботагөз Бижанова «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Медальді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетауда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Ботагөз Бижанованың қызы Динара Мәкеноваға табыс етті.

«Шараға Ботагөздің қызы Динарамен бірге әпкесі Сәуле Мағазқызы да Алматыдан арнайы келіпті. Бүкіл отбасы атынан Динара сөз алып, марқұм анасына осындай құрмет көрсетіп отырған Ақмола облысы әкімдігіне, облыстық ПД басшылығына және Ішкі істер министрлігіне шынайы алғысын білдірді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, Ботагөз Мағазқызы 1961 жылы шілденің 18 күні Целиноград облысының Есіл ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Арқалық қаласындағы номері 4 орта мектепті, 1978-1985 жылдар арлығында Қарағанды медициналық институтын «Емдеу ісі» бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын қалалық поликлиникада учаскелік дәрігер болып бастаған. Кейін Ішкі істер департаментінде әртүрлі лауазымда қызметтер атқарған.

Өкінішке орай, 2001 жылы 28 маусымда өз үйінің кіре берісінде оған қастандық жасалып, қаза тапты. Артынша күдіктілер ұсталып тұтқындалады. Кейін оған ескерткіш тақта орнатылды.

Хабар 24 телеарнасы