424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының әкімімен кездесуде тұрғындар толғандырған мәселелерін айтты

  • 512
  • UPD: 22:12, 14.12.2019

Алматы облысындағы Ескелді ауданының тұрғындарын әлеуметтік нысандар мен ауыз су, кәріз жүйелері мен жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелері алаңдатады. Олар облыс әкімімен кездесу барысында өздерін көптен толғандырып жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Ал әкімнің жауабы көптің көңілінен шықты ма? 

Я мать троих детей, проживаю в селе Карабулак в районе сахарного завода, и меня интересует вопрос садиков. 

Мәдина Тұрлыбекова облыс басшысына аудан орталығында балабақша жетіспейтінін айта келіпті. Қарабұлақ елді мекенінде 800 бүлдіршін кезекте тұр. Оларға, әрине аудан орталығындағы 4 балабақша жетпейді. Сондықтан жекеменшіктегі екі ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылған. Бірақ оларға күрделі жөндеу қажет. 

Ләззат Иманбаева, балабақша меңгерушісі:

- Біз қазір бұл нысанның жартысын ғана пайдаланып отырмыз. Үш топта 56 бала бар. Кеңестік кезеңде салынған ғимарат болғандықтан күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұрған жайы бар. 

Елдос Ахметов, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары:

- Балабақшаның жағдайы барлық жерлерде бірдей, кішкене қиындау. Кезекте тұрған балалар бар. Бірақ қант зауыты бізге былтыр көп жылдан бері жұмысы тоқтап қалған балабақшаны өткізіп берді жекеменшіктен бізге. Біз 2020 жолға жобалық-сметалық документтерін жасап, соған ақша сұрап отырмыз. 

Облыс басшысы Амандық Баталов алдағы жылы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінетінін айтты. Қарабұлақ ауылының тұрғындары бүгінгі кездесу барысында ауызсу, кәріз жүйесін қалпына келтіру мәселелерін де көтерді. Ал ирандық кәсіпкер Фарид Джахангириді тауарлы сүт фермасы жобасын несиелендіру мерзімі алаңдатады екен. Бұл нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға қосымша қаржы керек. 

Фарид Джахангири, кәсіпорынның бас директоры:

- Сүт фермасын алдағы жылы іске қосамыз. Сол арқылы 40 жаңа жұмыс орыны ашылады. Бұл бастан аяқ сандық технологиялармен жабдықталған смарт-ферма болады.

Бүгінгі кездесу барысында бұдан басқа да бірнеше мәселе оң шешімін тапты. Қалғанын тиісті сала мамандары өз бақылауына алды. Алдағы жылы Ескелді ауданында бірқатар дәрігерлік амбулатория мен екі балабақша күрделі жөндеуден өтеді. 320 орындық мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мекемесі салынатынын да айта кетейік. Аудан орталығында көшелер жарықтандырылып, жолдарға асфальт төселеді. Газдандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Гүлнар Жантасова, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы