380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО өрт сөндірушілеріне жаңа көліктердің кілті табысталды

  • 180
  • UPD: 18:22, 14.12.2019

Мереке қарсаңында батыс қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға жаңа көліктердің кілттері табысталды.

7-і өрт сөндіру машинасы болса, 4-і тіркемелі мотосорғы, ал біреуі жол талғамайтын жүрдек  автомобиль екен. Арнайы техникалар ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдай комитеті арқылы алынып, аймақтарға бөлініпті. Департамент басшылығы осы арқылы төтенше жағдай қызметкерлері жаңа мүмкіндіктерге ие болғанын айтады. Күні бүгін өңір өрт сөндірушілерінің қажетті техникамен қамтылуы небәрі 40%  құраса, оның үштен бірі ескірген көрінеді.  

Жасұлан Жұмашев, ТЖ департаментінің бастығы:

- 20 жылдан асқан техника біздерде көп, әлі бар. Соның бәрін жаңарту керек. Негізі құтқару жұмысы, өрт сөндіру жұмысын атқару үшін жаңа техника болғаны жақсы ғой. Үлкен-үлкен ғимараттар салынып жатыр көп қабатты. Сол үшін дейтін мына келген енді жаңа техника олардың дейтін сапасы ескі техникадан гөрі 20 жыл, 30 жыл бұрын шыққан техникадан өте биік қой.

Хабар 24 телеарнасы