378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда «Жасыл ел» еріктілері қар тазалады

  • 269
  • UPD: 19:00, 14.12.2019
Нұр-Сұлтанда «Жасыл ел» еріктілері қар тазалады

«Нұр-Сұлтан – қайырымды қала» акциясы аясында «Жасыл ел» еріктілері Отырар мен Сырдария көшелерін қардан тазалады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорда көшелерін мұнтаздай қылып, кейбір көмекке мұқтаж тұрғындарға қол ұшын созу мақсатында қар тазалығына «Жасыл елдің» қатарындағы 100-ге жуық ерікті жұмылдырылды. 

Айта кетсек, «Жасыл ел» жасағының мүшелері қаланы абаттандыру жұмысына жыл бойы атсалысады. Мысалы, жазғы уақытта олар қаладағы саябақтар мен гүл бақтарды тазартумен айналысса, көктемде ағаш отырғызу науқаны басталады.

Хабар 24 телеарнасы