376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ересектерге арналған оңалту орталығы ашылды

  • 186
  • UPD: 19:17, 14.12.2019
Қарағандыда ересектерге арналған оңалту орталығы ашылды

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында ересектерге арналған оңалту орталығы ашылды. Ол бір мезетте 40 адамды қабылдауға қауқарлы. Жаңа мекемеде инсульт, қимыл-тірек аппараттары мен нейрохирургиялық операциялардан кейінгі оңалту шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар орталық заман талабына сай физиотерапия, ультра дыбысты аппарат, электротерапия мен магнитерапия құрылғыларымен жабдықталған. Жарақаттан кейінгі оңалтуға арналған жаттығу құрылғылары да қарастырылған. Орталықта екі ауысыммен 80 маман еңбек етеді. 

Руслан Беляев, оңалту орталығының бас дәрігері:

- Біз міндетті медициналық сақтандыру жүесімен жұмыс жасаймыз. Яғни ересектер мұнда ақысыз емделеді. Мысалы науқас инсульт алып немесе нейрохирургиялық операциялардан кейін мекен жайы арқылы тіркелген емханаға барады. Емхана ол адамды оңалту орталығының жүйесіне тіркеген соң, оңалтуға жолдама алады.

Хабар 24 телеарнасы