376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халқымыздың үш арысына арналған ескерткіш ашылды

  • 368
  • UPD: 23:57, 14.12.2019

Елордада қазақтың үш бәйтерегі Сәкен, Бейімбет, Ілиясқа арналған ескерткіш ашылды. Қазақстан Жазушылар одағы филиалының жаңа ғимараты да пайдалануға берілді. Алаш арыстарының мүсіні оң жағалаудағы қаламгерлер аллеясына қойылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері және ұлы тұлғалардың ұрпақтары қатысты. Бастама Абайдың 175 жылдығы аясында қолға алынды. Алдымен қаламгерлер аллеясы ашылса, енді міне алаш қайраткерлеріне ескерткіш қойылды.

Жергілікті билік өкілдернің айтуынша, алдағы уақытта Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиндердің есімі білім мен ғылым ошақтарына беріледі. 

Ләззат Сейітжанова, Б.Майлиннің немересі:

- Бала кезімізден атамның бейнесі жүрегімізде. Үйде атамыздың бейнесі бар. Ол бізге қарап тұратын. Сол бейне әсіресе шашы, маңғаз отырысы, мінезі ауыр болған, қарапайым болған. Сондай сабырлылықпен біздің өмірге қарап отырған күйі жасалған екен. Алғысымызды айтамыз. 

Ал жаңадан ашылған Қазақстан жазушылар одағының елордадағы филиалының жаңа ғимараты үш қабаттан тұрады. Еңселі нысан сол жағалаудағы Шұбар ауданында ашылды. Мұнда ақын-жазушылар қауымы шығармашылықпен айналысып, аударма жұмыстарымен де айналыса алады. Ал ғимаратты ұстап тұру шығындарын әкімдік өтейді. Айта кетейік, шаһарда Қазақстан жазушылар одағының 150-ден аса мүшесі бар. 

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

- Бұл біздің рухани жаңғыруымызды көрсетеді. Әсіресе жастар үшін керек. Тәуелсіздік күні қарсаңында маңызы бар. Қаламгерлер аллеясын абаттандыруды жалғастырамыз. 

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Бұрын облыс орталығында бөлімше болған. Дәл осындай лайықты ғимараты болған жоқ еді. Бүгін тұсауы кесілді. Жазушылар пікірлесіп, бос уақыттарын өткізуіне болмаса кітапхананы пайдаланса да керекті ғимарат болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы