376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жасөспірімдер тәрбиесіне арналған семинар-тренинг өтті

  • 234
  • UPD: 09:32, 15.12.2019
Қызылордада жасөспірімдер тәрбиесіне арналған семинар-тренинг өтті

Ұсақ құқық бұзудың соңы қауіпті қылмысқа ұласуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сондықтан жасөспірімдердің тәрбиесі мен тәртібін түзеуде психологтар мен құқық қорғау органдары мамандарының біліктілігі маңызды. Қызылордада деструктивті мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктеріне арналған семинар-тренинг өтті. Шара барысында заманауи әдістердің бірі ретінде «Сынған терезелер теориясы» таныстырылды. Осы ретте білікті мамандар мектеп психологтары мен құқық қорғау органдары өкілдеріне әр баланың ішкі жан дүтәиесіне үңілудің түрлі әдісін үйретті.  «Диагностикалық шаралар кезінде тесттік жүйені пайдаланудың тиімділігі жоғары», – дейді дәріс оқушы ғалымдар.

Зейнеп Тоқтағұл, облыстық жасөспірімдерге психологиялық-құқықтық көмек беру орталығының директоры:

– Ғылым және білім министрлігінің балаларды қорғау аясында құрылған жасөспірім балаларға педагогикалық, психологиялық, құқықтық көмек беру орталығы ашылды. Бұл семинар-тренингімізге Қызылорда облысының білім басқармасынан арнайы психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, ДУИС-тан, ювеналды соттан, ювеналды полициядан мамандар шақырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы