376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Ұлы дала алтыны» атты ауқымды көрме өтіп жатыр

  • 179
  • UPD: 10:22, 15.12.2019
Өскеменде «Ұлы дала алтыны» атты ауқымды көрме өтіп жатыр

Ұлы даланың алтыны. Тәуелсіздік мерекесіне орай  осындай  атаумен Өскеменде көлемді көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оған  кейінгі 2 жылда өңірде жүргізілген археологиялық  жұмыстардың нәтижесінде табылған  жәдігерлер қойылды.  Негізі, Елеке сазы мен Берел қорғандарынан  20 мыңнан астам алтынмен апталған  бұйымдар шыққан. Көрмеде сол жәдігерлердің  кейбірі түпнұсқада тұр. Ал алтын адамның киімінің көшірмесін археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілік-нұсқауымен   қолөнер шеберлері  қайта тігіп шықты. Жалпы «Ұлы даланың алтыны» деген  сақ жәдігерлерінің  көшпелі көрмесі былтыр Мәскеуде көрсетілген. Енді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында көлемді  көрме өткізбек. Ал жазға салым Ұлыбританияға  апармақ.

Наталья Косенкова, облыстық-тарихи өлкетану музейінің бөлім басшысы:

– Бұл жәдігерлерді көрген кез келген адам таң қалады.  Көне заманда  өте жұқа алтыннан түрлі бейнелерді жасау техникасы өте  жоғары деңгейде болғанын байқауға болады. Сондықтан бұл артефактілер әлемдік деңгейде бағаланады.

Хабар 24 телеарнасы