376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық спортшылар республикалық челленджге үн қосты

  • 276
  • UPD: 11:49, 15.12.2019

Желтоқсан айының басында Павлодарда «Тәуелсіздік – тұғырым» атты челлендж басталған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Жебе» және «Қағандық»  қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған акцияға  қатысушылар «Мен қазақпын» әнін топ болып орындауы шарт. Бастапқыда  мектеп оқушылары үн қосса, кейін  жоғары оқу орындары мен түрлі мекеме өкілдері жалғастырды. Тіпті ауыл тұрғындары да іліп әкетті. Олар «Мен қазақпын» әнін орындап әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Ертіс өңірінен басталған челлендж еліміздің барлық өңірлеріне тарап жатыр.  Бүгін міне, патриоттық акцияға спорт сүйер қауым үн қоспақ.

 Қарлығаш  Қасиетова, тілші:

– Қайырлы таң! Ертіс өңірінде қысқы спортқа ден қойған адамдар саны өте көп. Жаттығулар жасап,  жарыстар  өткізуге арналған бірнеше шаңғы базасы бар. Спортшыларға ғана емес қарапайым халыққа да ыңғайлы. Олар Ертіс қойнауында шаңғы теуіп, серуендеп бос уақыттарын осылай табиғат аясында өткізеді. Ал бүгін  «Жағымды әдеттер фестивалі» мен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты челленджге қатысушылар шаңғы базасына жиналған. Мерекені  таза ауада өткізуді жөн көрген қала тұрғандары үшін  түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылған. Жеңімпаздарды көптеген сыйлықтар күтіп тұр. Ал Сахара шөлін бағындырып, есімі жеті мәрте Гиннестің рекордтар кітабына енген Марат Жыланбаевты кездестіру барша қала халқы үшін  тосын сый болды. Аты аңызға айналған марафоншы жерлестерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған еді. Тәуелсіздік мерекесін биыл Павлодарлықтар ерекше атап өтіп жатыр. Желтоқсанның басында  аймақта «Тәуелсіздік – тұғырым» атты челлендж бастау алды. Оны  өткізуге ұйытқы болған азаматтар «Мен Қазақпын» әнін орындап, ары қарай  жалғастыруды  №25 мектепке тапсырады. Жастардың жігерін жанып, намысын оятатын челлендж білім беру саласында зор қолдауға ие болды. Бүгін де үн  «Мен Қазақпын» әні барлық мекемелер мен ұйымдарда, кәсіпорындарда орындалып жатыр. Иә, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Тараз, Атырау, Көкшетау қаларының мектептері, жоғары оқу орындары  «Мен қазақпын» әнін орындап әлеуметтік желілерге таратып жатыр. Бір мектепте 500-600 оқушы оқитынын ескерсек, қаншама баланың кеудесінде Отанға деген мақтаныш, ұлтқа деген сүйіспеншілік оянды. Бүгін міне, «Тәуелсіздік – тұғырым» челленджін өңіріміздің спортшылары жалғастырып әкетті.

Хабар 24 телеарнасы