381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе тұрғыны полиция ғимаратына есірткімен барған

  • 268
  • UPD: 17:32, 15.12.2019
Ақтөбе тұрғыны полиция ғимаратына есірткімен барған inform.kz

Ақтөбе тұрғыны полиция ғимаратына есірткімен барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері жергілікті полиция қызметінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесіне Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік материал бойынша келгенін айтты. Таяуда полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оның көлігін айып тұрағына қамаған. 

Ер адамның қалтасын қарау кезінде одан газетке оралған зат табылған. Онда есірткіге ұқсас зат болған. «Жігіттің айтуынша, ол өзі қолдану үшін сақтаған есірткінің қалтасында жүргенін ұмытып кеткен», - дейді полицейлер.

Хабар 24 телеарнасы