429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі жедел жәрдем қызметі 100 жаңа автокөлікпен толықты

  • 748
  • UPD: 18:40, 15.12.2019
Шымкенттегі жедел жәрдем қызметі 100 жаңа автокөлікпен толықты

Жалпы шаһардағы жедел медициналық станцияда науқастарға көмек көрсететін 87 көлік болса, оның жартысынан көбі тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жаңа көліктер солардың орнын алмастырады. Жедел жәрдем қызметін техникамен қамту мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Жаңа көліктер озық технологиялармен жабдықталған.

Атап айтқанда, өкпені жасанды желдендіру, реанимациялық портативті рюкзактар және 12 каналды электрокардиографтармен жасақталған.

Гүлнәр Құрманбекова, қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Бұл деген миллиондық қалаға, егер де 10 мың халыққа бір көлік бір бригада қызмет ету керек болса, миллиондық қалаға 100 автокөлік 100 бригадамен шығады. Бұл бізге сапалы қызмет етуге, уақытылы кешікпей баруға, уақытылы науқастарды ауруханаға жеткізуге, медициналық алғашқы көмекті алуға мүмкіндік береді бізге.

Хабар 24 телеарнасы