425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан темір жолы» компаниясының үздік қызметкерлері марапатталды

  • 602
  • UPD: 23:04, 15.12.2019

Шойын жол торабында қызмет ететін теміржолшылардың еңбегі ерен.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» компаниясының үздік қызметкерлері мемлекеттік және салалық наградаларға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шарада ұлттық компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев үлкен ұжымды мерекемен құттықтады.

«Қазақстан темір жолы» еліміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымының дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Экспорт көлемі мен транзиттік әлеуетті арттыруда компанияның атқарған ісі қыруар. Бұл алдымен қызметкерлердің еңбегі. Ендеше, үздіктердің нәтижелі жұмысы марапатқа лайық.

Марапатталғандардың бірі – Нұралы Арыстанов. Адал қызметі өз алдына, ол заңсыз шекара аспақ болған күдіктілерді ұстап, шекарашыларға тапсырған. Бүгін ерлігі еленді. Одан бөлек, теміржол бойындағы станцияларда тынымсыз еңбек етіп жүрген біраз қызметкер алғыс алды.

Нұралы Арыстанов, жолсерік:

Мен бұл салада еңбек етіп жатқаныма 10 жылдың көлемі болды. «Қазақстан темір жолында». Бағытым«Алматы-Саратов» пойызы. Қазір біздің саламызда вагондарымыз жаңарып жатыр. Ішіндегі сервис жаңарып жатыр. Барлығына, басшыларға рахмет!

Өркен Сансызбаев, машинист көмекшісі:

Өлең жолымен айтар болсам, жасай берсін, жайнай берсін еңселі елім, болашағы жарқын деп мен сенемін. Түрксіб теміржолынан бері қарай Тәуелсіздікдіктен бастап бері қарай қазір 28 жыл уақыт болды. Аллаға шүкір, ҚТЖ әлеммен иық тірестіре алатындай, ауыз толтырып айтатындай компанияға айналды.

Иә, елмен бірге дамыған алып компанияның алдағы жоспары қыруар. Өткен 11 айда 258,6 млн тонна жүк тасымалдаған. Контейнерлік тасымал түрі барлық көлік дәлізі арқылы іске асып жатыр. 590 мың контейнер діттеген жеріне жеткізілді. Қадап айтар тағы бір жайт, транзиттік жүк тасымалы 26%-ке артқан.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ержан Рахымбердиев

Хабар 24 телеарнасы