430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы Аққайнар ауылының тұрғындарына тамаша тарту жасалды

  • 985
  • UPD: 22:46, 15.12.2019
Алматы облысындағы Аққайнар ауылының тұрғындарына тамаша тарту жасалды

Бұл күні Алматы облысындағы Аққайнар ауылының тұрғындары үшін де тамаша тарту жасалды.

Мұнда «Ардагерлер саябағы» мен соғыс және еңбек ардагерлеріне арналып ескерткіш ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемориалды тақтада соғыс ардагерлерінің тегі қашалып жазылған. Білім саласында еңбек еткен ұлағатты ұстаздардың есімі де осы тізімді жалғастырған. Саябақтың жалпы аумағы – 2 гектар. Мұнда жастар мен балаларға демалыс және ойын алаңдары жасақталды. Жалпы Аққайнар еліміздегі үлгілі ауыл саналады. Елді мекенде жаңа емхана, мәдениет үй мен спорт кешені салынған. Толық газдандырылған.

Серік Үмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осының барлығын жастар келіп көрсе, осыны білсе, саябақ елдің қызығына жұмыс істесе деген ниет. Осыны Тәуелсіздік күнінің алдында ашып отырмыз .Бұл тәрбиелік мәні бар, ертең елге керек керек дүние.

Бекен Сәмбетова, ауыл тұрғыны:

- Құдай енді осы жақсылықты жастарға берсін. Жастарымыздың талаптары көп, әлі талайын жасайды.

Хабар 24 телеарнасы