413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Қазақстан ұлттық павильоны ашылды

  • 369
  • UPD: 23:35, 15.12.2019
Қытайда Қазақстан ұлттық павильоны ашылды inform.kz

Қытайдың шығысында Чжэцзян провинциясында орналасқан Иу қаласында Қазақстан ұлттық павильоны ашылды.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандандырылған көтерме-бөлшек сауда орталығы ҚХР-да Қазақстан тауарларын дәріптеуге ықпал етпек. Онда қытайлық тұтынушылар Қазақстанда кеңінен танылған танымал азық-түлік және тоқыма өнімдерін сатып ала алады. Олардың арасында «Сұлтан» мен «Аян» маркаларының макарондары, «Рахат» пен «Баян Сұлу» кондитерлік өнімдері, «Dala» табиғи шырындары, Шығыс Қазақстаннан әкелінген бал және «Caspi Lana Atyrau» түйе жүнінен жасалған көрпелері бар.

Қазақстан өнімдері Қытайда танымалдыққа ие болып жатыр, деп атап өтті бірқатар қытайлық рейтелер компаниясының өкілдері. Олар ҚР-дан ҚХР-ға әкелінетін тауарлардың ресми дистрибьютері болуға дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақстан ұлттық павильоны Шанхайдағы ҚР Бас консулдығы мен «El Tregi» қауымдастығының қолдауымен ашылды. Қазіргі уақытта Қазақстаннан тауарлар жеткізу құнын төмендету бойынша Қытай логистикалық және брокерлік компанияларымен жұмыстар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы