423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. Адам қыста аз жұмыс істеуі тиіс

  • 506
  • UPD: 12:21, 16.12.2019

Адам қыста аз жұмыс істеуі керек. Бұл «Егемен Қазақстанда» жарияланған жаңалық. «Таңертең адамдар әрең оянып, жұмыс өнімділігінің азайғанын сезеді. Күйзеліс те көбіне қыста болады, өз-өзіне қол жұмсау да қыс айларында жиі кездеседі. Егер адамның биологиялық сағаты күнделікті тірлік пен жұмысқа сай болмаса, көңіл-күйді өзгерту үшін тиісті шаралар қабылдау керек» деген екен ғалымдар.

Алайда көптеген халық өздерінің биологиялық сағатына сәйкес келмейтін әлеуметтік кестемен жүруге мәжбүр. «Қазіргі таңда қыста жұмыс уақытын азайту идеясы еш жерде жүзе асырылмаған. Тіпті әлемнің солтүстігіндегі Швеция, Финляндия мен Исландияда адамдар қыс мезгілінде жұмыс істейді.

Елордада Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіш орнатылды. Бұл ақпаратты Егемен Қазақстан таратыпты. Атап өтейік, биыл Үш арыстың туғанына 125 жыл.

Франциялық «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар каталониялық «Барселонаны» тағы да сотқа берді. Бұл туралы El Mundо-ға сілтеме жасап, Егемен Қазақстан газеті жазыпты. Жаңа арызда 27 жастағы бразилиялық футболшы «Барселонадан» төленбеген жалақысы мен келісімшартты ұзартқанда берілетін бонусы үшін 3,5 миллион еуро талап етіп отыр. Бұған дейін де Неймар «Барселонадан» ақша өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Ол кезде футболшы клубтан 43,6 миллион еуро сұраған болатын.

2020 жылғы 1 қаңтардан кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай берген жауабында Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтқан. Мұны Айқын жариялапты. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы