419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорған тұрғындары Тәуелсіздік мерекесінде қоныс тойын тойлады

  • 491
  • UPD: 12:54, 16.12.2019

Алматы облысында 6 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл өңірде  492 пәтер сатып алу үшін шамамен 3 жарым млрд теңге бөлінді. Бой көтерген баспаналардың 55-і бүгін ел игілігіне берілді.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Бізде Тәуелсіздік күнімен барша отандастарымызды құттықтаймыз. Еліміздегі ең басты мерекені Талдықорғандағы 70 көп балалы және тұрмысы төмен отбасы  қоныс тойымен қатар тойлап жатыр. Оларға үй кілтін облыс әкімі Амандық Баталов табыс етуде. Бұл «Береке» котеджді қалашыққа көшіп келушілердің екінші легі. Бұған дейін яғни қазан айында да 100 үй пайдалануға берілген болатын.  Баспаналы болғандардың ішінде бірнеше жыл тұрғын үй кезегінде тұрғандар да бар.

Айта кетейік, Талдықорғанда әлеуметтік санатқа жататындарға арналған  тағы 125 пәтерлік екі үй  салынып жатыр. Жалпы Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай 40 нысан ашылды. Оның ішінде баспана, балабақша, ауылдық аурухана, ойын алаңдары мен спорт кешендері бар.

 

Хабар 24 телеарнасы