376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік нысандар ашылды

  • 284
  • UPD: 12:55, 16.12.2019

Сыр өңірінде де Тəуелсіздік күніне орай бірқатар əлеуметтік нысан ашылды. Жаңа ғимараттарда тұрғындарға қандай қызмет ұсынылады? Жаңадан іске қосылған қандай нысандар?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші: 

- Мереке күні Шиелі ауданында 150 орындық аурухана пайдалануға берілді. Бұл денсаулық сақтау нысаны осыдан үш жыл бұрын апатты деп танылған, əбден тозығы жеткен ескі аурухананың орнына салынып отыр. 

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Əбішов қатысты. Құрылыстың құны 5 жарым миллиард теңгеге жуықтаған. Ал ішкі жабдығына тағы 2 миллард теңге жұмсалыпты. Аурухана қолданыста бұрын да болған, бірақ қазір қызметі бірнеше есе жетілдірілген лапроскопиялық ота жасайтын құрылғы, шала туған нәрестелерді бірқалыпты жылуда ұстап тұратын кювез секілді жаңа техникалық жабдықтармен қамтылған. 

Сондай-ақ Шиелі ауданында қуаттылығы 50 мегаваттық жаңа күн электр станциясы іске қосылды. Құны 23 миллиард теңгені құрайтын жоба шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асты. Жалпы аумағы 150 гектар жерге 150 мың дана күн панелі орнатылған.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:  

- Мамандардың айтуынша, мұндағы өндіріс көлемі облыс орталығы мен көршілес аудандарды электр энергиясымен қамтуға жеткілікті. Əзірге менде бар ақпарат осы. Диктор, сөз кезегі өзіңізде.

Хабар 24 телеарнасы