426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцария саясаткері елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 619
  • UPD: 14:45, 16.12.2019

Тәуелсіз Қазақстан экономикалық және демократиялық дамудың даңғыл жолына түсті.

Еуроодақ елдерімен, сонымен қатар Швейцариямен тығыз ынтымақтастық орнатқан Қазақстан бүгінде қарқынды дамып келеді. Швейцарияның саяси қайраткері Филиппо Ломбарди Берн қаласында арнамыздың тілшісіне берген сұхбатында осылай деп, Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады. 

Филиппо Ломбарди, Швейцария парламенті Кантон кеңесінің мүшесі /2015 – 2019/:

- Швейцария шағын ғана мемлекет болса да, Қазақстан сияқты жарқын болашаққа ұмтылып, үнемі даму үстінде. Алдағы уақытта арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың бірлігі жарасады деп үміттенемін. Қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы