448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық 70 отбасы баспаналы болды

  • 294
  • UPD: 17:26, 16.12.2019
Талдықорғандық 70 отбасы баспаналы болды

Талдықорғандық 70 отбасы Тәуелсіздік күнімен қатар қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Береке» коттедждер қалашығындағы 55 үйдің кілті иелеріне салтанатты жағдайда табыс етілді. Баспаналы болғандар – көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар. Олар бірнеше жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрған еді. Бүгін көптен күткен армандары орындалып, өз шаңырақтарына кірді.

Айта кетейік, коттеджді қалашықта бұған дейін де 100 үй берілген еді. Шаһарда әлеуметтік санаттағы тұрғындар үшін тағы 125 пәтерлік екі үй салынып жатыр. Жалпы Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай 40 нысан ашылды. Оның ішінде балабақша, ауылдық аурухана, ойын алаңдары мен спорт кешендері және тұрғын үйлер бар. 

Жадыра Бақытжанқызы, қала тұрғыны:

– 10-15 жылдай жалдамалы жер үйде тұрып келдік. Енді соның бәрі артта қалды. Қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы