445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы қазақтар: Жырақта жүрсек те, тарихи отанымызды құрметтейміз

  • 282
  • UPD: 22:05, 16.12.2019

Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары мен осы елдегі қазақ диаспорасының өкілдері де Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ақ тілектерін ақтаруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жырақта жүрсек те, тарихи отанымызды құрметтейміз», - дейді шетелдегі қазақтар. Ал Украина тілшісі Анна Панащук «Қазақстанның қарқынды дамуы бізді қызықтырмай қоймайды, мемлекеттер достығы мәңгілік болсын» деген ақжарма тілегін білдірді.

Анна Панащук, Украина тілшісі:

– 3 жылдан бері Қазақстанның даму жолы мен бағытын бақылап жүрген тілшімін. Қазақстанда достарым бар. Қазақстанның тұрақты өсімі, ашық және нарықтық экономикасы қызықтырады. Адамдар осы байлықты еселеп, тыныштығын бағалай білсін деп тілеймін.

Алмагүл Кенжебаева, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі:

– Қазақстанға тілейтінім, аспанымыз ашық болсын, бірлік болсын, халқымыз тек қана тату болсын. Өзім де 33 жыл бұрын Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ қыздарының бірімін. Тәуелсіздік мен үшін құр сөз емес, тәуелсіздігімізді бағалай білейік.

Хабар 24 телеарнасы