423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-дағы 5 елді мекенге табиғи газ берілді

  • 762
  • UPD: 10:07, 17.12.2019

Еліміз егемендік алғаннан бері Батыс Қазақстан облысының қол жеткізген толайым табыстары аз емес.

Соның бірі – елді мекендерді газдандыру ісі. Осыдан ширек ғасыр бұрын өңір халқының төрттен бірі ғана табиғи газды тұтынса, бүгінде Жайық жұртшылығының 96%-і көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Бұл республикалық орта көрсеткіштен екі есе жоғары. Тәуелсіздік күні Казталов ауданындағы Талдыпан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа, Серік ауылдарының тұрғындары отпен кіріп, күлмен шығудың қиындығынан құтылды. Алау жағу салтанатында сөз алғандар газ тарту ісінің әлеуметтік маңызға ие екенін айтады. Шалғай ауылдарға газ жетуі тұрғындардың жайлы тұрмыс іздеп, қалаға жаппай қоныс аударуын азайтпақ. Әрі кәсіпкерлікті дамытуға да септігі тиері сөзсіз.

Әсемгүл Машекенов, Талдыапан ауылының тұрғыны:

- Арман болған көгілдір отын – газ келіп жатыр. Халықтың қуанышында шек жоқ. Бұрын қаладағы тума-туыстарға, солардың өміріне қызығатын едік. Себебі, соларда су бар, газ бар, көп жеңілдіктер болатын. Енді сондай жағдайға жетіп келе жатырмыз біртіндеп. Ауылымыз жақсарып келе жатыр, гүлденіп келе жатыр.

Рүстем Закарин, облыстық энергетика және ткш басқармасының басшысы:

- Биыл облыста 16 елді мекенге газ тарту жұмыстары жүрді. Бұл мақсатқа бюджеттен 1,1 миллиард теңге бөлінді. 9 ауылға көгілдір отын жыл соңына дейін берілсе, Теректі ауданына қарасты қалған 7 ауылға газ құбырының құрылысы кестеге сай келесі жылы аяқталады. Таяу жылдары өңір халқы толықтай көгілдір отынның қызығын көретін болады

Хабар 24 телеарнасы