377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорданың сауда орталықтарында тұрғындар тегін скринингтен өтті

  • 177
  • UPD: 23:15, 17.12.2019

Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда қаласындағы бірқатар ірі сауда орталықтарында денсаулық акциясы өтті. Шара аясында облыс орталығының жүздеген тұрғыны скринингтік тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды. Дәрігерлер олардың бойы мен салмағын анықтап, қан қысымы, қандағы холестирин мен қант деңгейін өлшеп берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осындай жүзден астам шара өткен. Ондағы мақсат - қауіпті ауруларды ерте анықтау. ​ 

Бақытгүл​ Жетпісбаева, қала тұрғыны: 

- Мен тіркеуде тұрамын. Емханаға баруға қолым тимейді. Қант өлшейтін медбикелердің отырғанына өте қуанып кеттім. Таңертеңгілік болмаған жағдайдың өзінде түстен кейін менің қантым норма болғанына өте қуаныштымын. Осындай акция көп болса екен деп ойлаймын. Өйткені кей кезде ауырып, адамдар бойын, салмағын өлшеп жатыр. Тамаша акция болып жатыр екен. 

Ләззат Қожахметова, №1 емхана медбикесі: 

- 50 адамның қан қысымы өлшенді. Олардың ішінде 8 адам қан қысымы жоғары деңгейде көрсетілді. Одан кейін адамдардың қандағы қант мөлшері 30 адамның қанты өлшеніп, оның ішінде 3 адамның қанты жоғары деңгейде көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы