420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас ғалымдар елге оралуда

  • 789
  • UPD: 15:02, 18.12.2019

Тәуелсіздік жылдарында білім алып, мемлекетіміздің білім саласындағы мүмкіндіктерін пайдаланып, шетелде тәжірибе жинақтаған қазақстандық ғалымдар өз білген-түйгенін ел игілігі үшін пайдалы болғанын қалайды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Солардың бірі – АҚШ-та 7 жыл өмір сүріп, білікті ұстаздардан білім алып, тәжірибелі мамандармен жұмыс жасап көрген Мейрам Мырзаболатов. 

Жас ғалым Мейрам Мурзабулатов жуырда ғана АҚШ-тан оралды. Елімізде бакалавр мен магистратураны бітірген ол өзінің докторлық диссертациясын Пенсильвания штатының Пенсильвания Университетінде қорғаған. Білімді әрі қабілетті қазақ баласына американдықтар өз университеттерінен жұмыс ұсынып, оны бірнеше жобаға шақырған. Бірақ ол өз тәжірибесін ел игілігі үшін жұмсауды жөн көріпті.

Мейрам Мырзаболатов, Назарбаев университеті компьютерлік ғылымдар факультетінің кіші профессоры:

- Назарбаев университетінен ұсыныс келді. Біз де ойладық. 7 жыл АҚШ-та болдық. Елімізге қайтып көрген-білген жақсылықтарды жасайық, атсалысайық деп қайтып келдік.

Математика және компьютер ғылымын меңгерген ғалым компьютер ғылымында тиімді алгоритмдерді табу жолдарын зерттеп жүр.   

Мейрам Мырзаболатов, Назарбаев университеті компьютерлік ғылымдар факультетінің кіші профессоры:

– Келешекте А-I деген жасанды интеллегент бағыты бойынша университетnt лаборотория құру жоспарымызда бар. Бұл – әлемнің ұстанып отырған бағыты. Және де өзімнің тақырыбым бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

Бүгінде бұл мақсаттарға жетуге барлық мүмкіндік бар. Ал 90-жылдардың басында яғни Мейрам Мурзабулатовтың мектеп табалдырығын енді аттаған кезеңінде мұндай жобалар туралы ойлаудың өз арман болатын.

Мейрам Мырзаболатов, Назарбаев университеті компьютерлік ғылымдар факультетінің кіші профессоры:

- Сабақ оқитын кезде жарық сөніп қалатын. Сол кезде шаммен сабақ оқыған кездеріміз де болды.

Соған қарамастан Мейрам Мурзабулатов халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанып, мектепті «Алтын белгіле» бітірген. Еліміздің болашағы – жастар. Ал жарқын болашақтың негізгі тұтқасы - білім екенін естен шығармадық-дейді жас ғалымның әкесі Асқар Мурзабулатов. 

Асқар Мырзаболатов, М.Мурзабулатовтың әкесі:

– Кітаптар да жетпеді, оқуда құралдар да жетпеді. Бірақ біз сендік. Бәрі де бүгін болса да, ертең оны біз жеңеміз. Одан өтеді. Халқымыз күшті. Еліміз күшті. Мықты мемлекет болуға барлық жағдайлар болды. Біз оқыған адамбыз. Білеміз.

Қазыналы Қазақстанның байлығын зерттеп, оны ел игілігіне жарату да тәуелсіз ел ұрпағының қолында дейді Асқар Мурзабулатов.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы