428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы елордадағы екі көпірдің құрылысын аяқтау жоспарлануда – Алтай Көлгінов

  • 659
  • UPD: 13:00, 18.12.2019
2020 жылы елордадағы екі көпірдің құрылысын аяқтау жоспарлануда – Алтай Көлгінов

Алдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа ванттық көпірдің құрылысы басталады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты.

«2020 жылы 90 км жол салу және жөндеу, сондай-ақ Есіл өзені арқылы және Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы екі көпірдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа ванттық көпірдің құрылысы басталады, нәтижесінде тәулігіне 50 мыңға жуық автокөлік легі Керей, Жәнібек хандар және Ұлы Дала даңғылына тікелей қатынайтын болады», - деді А.Көлгінов.

Айтуынша, аталған 3 көпір мен жолдың құрылысы қаланың оңтүстік-шығыс және сол жақ жағалау бөлігі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, Мәңгілік Ел даңғылының жүктемесін азайтады және Нұрлы жол вокзалының қолжетімділігін арттырады.

Сонымен қатар Қабанбай батыр көшесінің кеңеюіне және Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысындағы көлік торабының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қабанбай батыр көшесін кеңейту 6 жолаққа дейін өткізу қабілетін арттырмақ (тәулігіне 45-тен 60 мың автокөлік). 

Айта кетсек, Тұңғыш Президент күніне орай ұзындығы 34 шақырым болатын үлкен айналма жолдың соңғы учаскесі іске қосылды, оның жалпы ұзындығы 87 шақырым.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы