423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарқан ауданында 150 адам қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашты

  • 645
  • UPD: 21:50, 18.12.2019

Сарқан ауданында биылдыққа 150 адам кәсіп ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың өз ісін бастауына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы ықпал етті. Жұмысшыдан жұмыс берушіге айналғандардың қатарында көп балалы аналар, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Үш баланың анасы Салтанат Оспанова осыған дейін атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп келген еді. Мемлекеттік жәрдемақыға қарап отырмау үшін ол қысқа мерзімді курсты оқыған. Шаш қиюды үйрегеннен кейін 500 мың теңге көлемінде грант алды. Қайтарымсыз қаржыға туысымен бірге сән салонын ашты.

Салтанат Оспанова, Сарқан қаласының тұрғыны:

- Бір атаулы әлеуметтік көмекпен жүктенуге болмайды. Сол үшін мен осы курсымды аяқтап, осы мамандығымды жалғастыруға бел будым. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Халыққа да жақсы. Өзімізге де жақсы.

Бірлесе кәсіп бастаған туыстар бірнеше ауылдасын жұмысқа алды. Сөйтіп, көрсетілетін қызмет түрін көбейтіп отыр.

Тоғжан Сейітқызы, Сарқан қаласының тұрғыны:

- Әрбір адам жұмыс істеуі керек. Өзінің көңіліне жағатын іспен шұғылдануы қажет. Менің ойымша, Салтанат өз ісін тапты. Өйткені оған шаш қидырғандар алғыс айтып жатады.

Құрқылтайдың ұясындай болған шағын шеберхана да мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылды. Нұргелді Қуаныш өз өндіріс орнында ағаш ойып, астау жасайды. Уақыт өткен сайын оның бұйымдарына сұраныс артып келеді.

Нұргелді Қуаныш, қолөнер шебері:

- Әсіресе, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстанға көп заттар жіберемін. Бұл заттарды 20-30 қырықтап жасаймын. Мына жерде де оңай емес. Қолмен жасайтыны бар, станокпен жасайтыны бар. Әрбір өлкеге тыным таппай жұмыс жасаймыз.

Дидар Сағынғали, Сарқан аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Аудан бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 191 адамға 83 млн 830 мың грант бөлінді. Оның ішінде 121жастарға, 21 аз қамтылған, көп балалы отбасыға және еңбекке қабілетті мүгедектерге бөлінді.

Жыл соңына дейін Сарқан ауданындағы 50 шақты адам грант ретіндегі қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осындай мемлекеттік көмектің арқасында тұрмысы төмен отбасылар кәсіп ашып, өз ісін өркендетуге мүмкіндік алмақ.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Гүлнәр Жантасова, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы