426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орманды қорғау барысында қаза тапқан қорықшының балалары әке жолын таңдады

  • 898
  • UPD: 10:42, 19.12.2019

Солтүстік қазақстан облысында жаңа жыл мерекесі қарсаңында орман күзеті күшейтілді. Тәртіп сақшыларымен қорықшылар күн-түн демей кезекшілік атқарып, табиғат аясындағы қылқан жапырақты ағаштардың кесілмеуін қадағалауда. Қазір сауда орындарында тек Ресей елінен әкелінген шыршалар саудаланып жатыр. Жалпы айта кету қажет, өңірде соңғы 50 жылда екі азамат заңсыз шырша кескен браконьерлердің қолынан қаза тапқан екен.

- В эту ночь он обещал нам елочку привести. И мы все ночь липили герлянды. Тогда же были бумажные. Мы красили, лепили. А потом утром нам сообщили что папы уже нет. 

1969 жыл. Ол кезде 12-14 жастағы Сәуле мен Роза жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатқан еді. Бірақ ертесіне үйге суыт хабар жеткен. Орман қорықшысы болып қызмет еткен әкесі Есмақан Махметов браконьердің қолынан қаза тапты.   

- Я училась в 7 классе и тогда я уже точно решила, что пойду в лесное хозяйство. И вот, с 77-го года я работаю в этой системе.  

Кейін отбасындағы балалардың барлығы әке жолын қуады. Қазір қолдары қалт етіп босаған жағдайда апалы-сіңілілер орманға шығып, табиғат аясында серуендеуге тырысады. Осылайша әкеге деген сағыныштарын басады. 

Роза Тілеуова, «Қызылжар орман шаруашылығы» мекемесінің инженер-орман патологы:

- Үлкен ағамыз спортта жүріп, орман шаруашылығына ауысты. Інімізде осы жолды таңдады. Жолдасым да осы салада. Егер барлығымыздың еңбек өтілімізді қоссақ, 100 жылдан асады екен. Қазір енді бұрынғыдай шырша ағаштары заңсыз кесіле бермейді. Оған тосқауыл қою үшін заңда қатайды, мамандарға да бар жағдай жасалып жатыр. 

Бүгінде мереке қарсаңында табиғат жанашырлары күзетті күшейтті. Енді тәртіп сақшыларымен қорықшылар қылқан жапырақты ағаштарды сақтап қалу үшін 31 желтоқсанға дейін күні-түні кезекшілік етеді. Браконьерлердің жолын кесу үшін аймақта 30-ға жуық станционарлық бекетпен 14 мобильдік топ құрылды. 

Қайрат Қалықов, «Қызылжар орман шаруашылығы» мекемесінің директоры:

- 1 желтоқсаннан бастап, күшейтілген режимде жұмыс жасайды барлығы. Өйткені жаңа жылдық мереке қарсаңында орман алқаптары, соның ішінде қарағайлы алқаптар заңсыз ағаш кесу әрекетіне көптеп легеді. Сондықтан да қаланың маңайында аудан аумағында стационарлық күзет бекеттері орнатылады. 

Жалпы өңірде заңсыз шырша кескендердің үстінен түскен екі қорықшы браконьерлердің қолынан қаза тапқан екен. Солардың бірі Есмақан Махметов. Табиғат жанашырының есімі болашақта Бескөл ауылындағы көшелердің біріне бірілмек. Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

- Ну мы сами так решили, что в мае будем отмечать. В мае мы хотим озеленить эту улицу. Сквер сделать. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы