419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміржол билеттерін сатып алуға болатын мобильді қосымша іске қосылады

  • 773
  • UPD: 10:33, 19.12.2019
Теміржол билеттерін сатып алуға болатын мобильді қосымша іске қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды билет сатуды жетілдіру мақсатында Android платформасында жол жүру құжаттарын сату бойынша «ҚТЖ билеттері» мобилдік қосымшасын іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Осы қосымша өзінің функционалы бойынша «BILET.RAILWAYS.KZ» сайтымен бірдей және «Күту парағы» қызметі сақталады. Қосымшаны Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурста ресімдеуге болатынын еске салады. BILET.RAILWAYS.KZ немесе билет кассалары, бөгде интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары («КИВИ» және «Касса-24» сауда маркаларымен) арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалануға, орын болмаған жағдайда, поезд жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын «Күту парағы» қызметін тегін пайдалануға болады.

Компания билеттерді сатып алу кезінде азаматтарды бөгде адамдардың күмәнді қызметтерін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактілері анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, қызметкерлері тұрақты негізде вокзал кешендерінде орналасқан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы