378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Documentolog жүйесін қолдану ауқымы кеңейіп келеді

  • 257
  • UPD: 14:25, 19.12.2019

Ірі мекемелерді цифрландырумен айналысатын «Documentolog» жүйесі күн санап ауқымын кеңейтіп келеді. Электронды құжат айналымына көшкен компаниялардың бірі «Estate Managament Company» Акционерлік қоғамы.

Бизнес орталықтарын жалға беру ісімен айналысатын «Estate Managament Company» компаниясы өздерінің құжат айналымдарын бір жылдан аса уақыт бұрын электронды нұсқаға көшірген. Себебі бұл тиімді әрі ыңғайлы-дейді, тапсырыс берушілер.

Әсел Байдәулетова, «Estate Managament Company» АҚ кеңсе меңгерушісі:

- Cондықтан біз сондай шешімге келіп,  өзіміздің мемлекетіміздің өнімі Documentolog системасына тоқталдық. Қазіргі таңда бізде барлық кіріс және шығыс  корреспонденциялары сонымен қатар ішкі құжаттардың барлығы электронды жүйеде жүзеге асырылып отыр. 

Құжаттарды цифрландыру  уақытты үнемдеумен қатар жұмыстың ашықтығын көрсетеді. Яғни, компания үшін маңызды әрбір құжат көпшіліктің көз алдында, ең бастысы бақылауда болады. Мұнда қызметкерлердің жұмысқа деген белсенділігі де есепке алынады.

Әсел Байдәулетова, «Estate Managament Company» АҚ кеңсе меңгерушісі:

- Біріншіден, қағаз тасымалдау жағы бізде 30 пайызға қысқартылды. Сонымен қатар, қызметкерлердің қазіргі таңда  жұмысқа деген уақытылы орындаулары және де шешімді дұрыс қабылдауларына өте тиімді жағынан жоғарғы көрсеткіште. Одан кейін құжаттардың қауіпсіздігі, сол үшін біз Documentolog системасын таңдадық. Өйткені, ол системада қауіпсіздік  өте жақсы деңгейде.

Documentolog жүйесін таңдаған бұл компания, жүйенің өздеріне ыңғайлы  жасалған есептік нұсқауларын және компанияның жедел техникалық қолдауы мен ақпараттық қауіпсіздік шараларын ерекше атап өтті. Ал бұл жүйені  қазіргі таңда 7000-нан аса мемлекеттік және жеке компаниялар қолданады.

Авторлары: Алуа Маханбет, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы