418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметі әшкере болды

  • 1017
  • UPD: 19:56, 19.12.2019
Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметі әшкере болды

Елімізде тағы бір букмекерлік кеңсенің заңсыз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы мониторингі комитетінің хабарлауынша, бұл жолы «Finbet» кеңсесінің басшылығы Қазақстан аумағында заңға қайшы ойын бизнесімен айналысқан. 18 желтоқсанда еліміздің 8 өңірінде арнайы операция ұйымдастырылып, кеңселерде тінту жүргізілген. Комитеттің дерегі бойынша, кәсіпорынның заңсыз жылдық табысы 3 миллиард теңгеге жуық. Қазір ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталып, қамауға алынған. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы