428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық ТЖД өкілдері балықшыларға ескерту жасауда

  • 478
  • UPD: 17:07, 19.12.2019
Алматылық ТЖД өкілдері балықшыларға ескерту жасауда

Алматы облысындағы ірі көлдердің бетіне мұз қата бастады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сала мамандары бұл балықшылар үшін өте қауіпті кезең екенін айтады. Өйткені, жұқалтым мұз жел соғып, толқын пайда болған жағдайда морт сынады екен. Өткен қыста осындай жағдайға душар болып, 4 балықшы көз жұмған болатын. Ал 17 адам құтқарушылардың көмегімен аман қалды. Қайғылы жағдайды болдырмау үшін өңірдегі ТЖД өкілдері бірнеше күннен бері күшейтілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Олар аймақтағы өзен-көлдерді аралап, балықшыларға арнайы дайындалған жадынамалық парақшаларды үлестірді. Сақтық шараларын да кеңінен түсіндірді. Әсіресе, балық аулауға шыққанда адам санына сай қауіпсіздік күртешесін алуды ұмытпауды ескертті. Мұздың қалыңдығын да басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.  

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Жаяу жүргенде жалғыз адамға 10 см болу керек. Бірнеше адам болса, 15 сантиметрден кем болмауы керек. Көлікпен шығу үшін мұз 30 см қалың болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы