376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеудегі атыс куәгері: Біз жарылыс бола ма деп қорықтық

  • 167
  • UPD: 13:04, 20.12.2019

Мәскеудің қақ төрінде орналасқан Федералды Қауіпсіздік қызметінің ғимаратына белгісіз біреу оқ жаудырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу комитеті атыс кезінде бір қызметкер қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы 5 адам жарқат алды, оның біреуі сырттан келген кісі.

Атыстан кейін БАҚ өкілдері белгісіз дереккөзге сілтеме жасап, шабуыл жасаған үш адам деп ақпар таратты. Дегенмен, бірнеше сағат өткен соң арнайы қызмет қылмыскердің жалғыз болғанын және оның көзі жойылғанын мәлімдеді. Бұзақы 39 жастағы Мәскеу тұрғыны болып шықты. Есімі – Евгений Манюров. Әлеуметтік желідегі ақпарға сай Манюров Ресей заң академиясында білім алған. Сондай-ақ Жоғары экономика мектебінің лекцияларына қатысқан. Федералды Қауіпсіздік қызметі қайғылы оқиғаның теракт емес екенін мәлімдеді. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, атыс Владимир Путиннің жылдық ауқымды баспасөз конференциясынан кейін болған. Ресей президенті Федералды Қауіпсіздік қызметі күніне орай Кремль сарайында мерекелік шарада болыпты.

Константин, куәгер:

- Алдымен атыстың дауысы шықты. Содан кейін шлагбаумның жанында полиция қызметкерін. Ол біраз уақыт тапжылмай отырды. Белгісіз біреу оқ ашқанын көріп, шығуға қорқып отса керек. Ізінше, тәртіп сақшылары келе бастады. Сосын екі көлікпен арнайы қызметкерлер келді. Барлық куәгерлер мен жиналған адамдарды қайтарып жіберді. Біз бір жарылыс бола ма деп қорықтық.

Хабар 24 телеарнасы