Жаңа жыл мерекесіне он шақты күн қалса да Оралда қыстың бейнесі байқалар емес. Қаладағы қардың бәрі еріп, тіпті ара-тұра жаңбыр да жауып тұр.
Бірақ соған қарамастан мерекелік дайындық басталып кетті. Атап айтсақ, шаһарда жеті жерге шырша орнатылмақ. Оны сәндеп, сахна мен орталық алаңды безендіруге 6 млн теңге жұмсалады дейді жергілікті билік өкілдері. Ал Жаңа жыл қарсаңында көңілді концерттік бағдарлама мен мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ.
Серік Қайырлиев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
- 31 желтоқсан күні сол алаңдарда мерекелік шаралар өтетін болады. Жаңажылдық бас шыршаның жағылу салтанаты 24 желтоқсанда жоспарланып отыр. Сонымен қатар қаламызда көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.