417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданы безендірудің бірыңғай тұжырымдамасы әзірленді

  • 853
  • UPD: 21:44, 20.12.2019

Жаңа жыл қарсаңында елордада 50-ден астам шырша орнатылды. Оның басым бөлігі жеке кәсіпкерлер мен демеушілердің есебінен қойылды. Оған қоса бас қаланың көшелері мен ғимараттары түрлі-түсті жарық шамдарымен безендірілді.

Биылғы жылы Елорданы безендірудің  бірыңғай тұжырымдамасы әзірленді. Ол «қайырымды қала» бағытын ұстанады. Оның үстіне осы жылы бас шаһардың аты ауысты. Осыған орай безендірудің де өзіндік ерекшеліктері болады. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, жаңа жылға  дайындықтың негізгі бөлігін тәуелсіздік мерекесінен кейін басталған. Әлі де жасалып жатыр.

Дәрменияр Қыдырбекұлы, есіл ауданы әкімінің орынбасары:

- Нұр-Сұлтан қаласы болды. Сол себептен безендіру шарттары, жаңадан логотип жасалды Нұр-Сұлтан қаласында. Жаңа бренд жасалып жатыр. Нұр-Сұлтан сити деген бренд. Жаңадан NS сити деген логотипімен. Енді ол логотип бәріне таратылды. Жеке кәсіпкерлерге, безендірумен айналысатын компаниялардың бәріне. 

Жаңа жылды шыршасыз елестету мүмкін емес. Биыл бас қалаға 50-ден астамы орнатылды. Оның өзі бұрыннан қолданып келе жатқан жасанды шыршалар. Жаңасын сатып алуға қаржы жұмсалмаған. Қаржы демекші биыл безендіруге жұмсалатын шығынның басым бөлігін кәсіпкерлер көтеріпті.

Дәрменияр Қыдырбекұлы, есіл ауданы әкімінің орынбасары:

- Көптеген жерге кәсіпкерлер өздері шырша орнатып жатыр. Мұзайдындарын құйып жатыр. Есіл ауданы бойынша 11 жерге шырша қойылады. Дайындық 95 процент горкалар, орнату, мафтарды қою. Барлығы жеке кәсіпкердердің тарапынан өткізіліп жатыр. 

Шыршалар мен жеке ғимараттарды безендіру  бизнес иелері есебінен, ал көшелерді сәндеуге  жұмсалатын қаржы бюджет есебінен.  Түнгі қалада серуендеп жүріп, ерекше безендірілген ағаштарды, жарық диодты және неон шамдармен көмкерілген көпірлер мен аркаларды, шағын  сәулеттік пішіндерді, жарық инсталляцияларын көруге болады. Десе де, қаланың жаңа жылға әзірлігі туралы қала тұрғындары мен қонақтарының пікірі әрқилы. 

- Шығады көңілден.

- Түнде шығып көрдіңіз ба?

- Ия. Түнде қала өте әдемі.

- Бұдан жақсы сәнін келтіуге болады деп ойлаймын. Бұл еліміздің астанасы ғой. Қазір безендіруге қажет  керек-жарақтың бәрі бар. Былтырғыдан өзгеріс көріп тұрған жоқпын.  

- Өте керемет. Мен Семей, ол Өскемен қаласынан келіп тұр. Әр келген сайын қаланың өсіп, дамып келе жатқанына куә боламыз.

Мейрамға қарсы Елордада түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ертегідей сиқырлы қала  тұрғындар мен қонақтарын өзінің әсемдігімен қатар ойын-сауық бағдарламаларымен де тәнті етпек.

Хабар 24 телеарнасы