375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жаңажылдық безендіруге 24 млн теңге қаржы бөлінді

  • 374
Түркістанда жаңажылдық безендіруге 24 млн теңге қаржы бөлінді

Биыл Түркістан қаласы әкімдігі жаңажылдық безендіруге 24 млн теңге қаржы бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаржы тек жасыл шыршаны ғана емес, қала көшелерін де безендіруге жұмсалмақ. Сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілері мен асыраушысы жоқ балаларға да сыйлық жасау осы қаржы есебінен қарастырылған. Биыл жаңа жылдық шырша шаһардағы «Гүлдер» алаңы мен «Жеңіс» саябағына орнатылған. Ол осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік сатып алу тәсілімен алынған екен. «Биыл сол шыршаны пайдаландық», - дейді қала әкімінің орынбасары. Мәселен, өткен жылы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 23 млн теңге бөлінсе, Түркістан облыс орталығы болмай тұрған кезде жыл сайынғы мерекелік безендіруге 20 млн теңге қаржы бөлініп келген.

Мұрат Базарқұлов, қала әкімінің орынбасары:

– Негізгі іс-шарамыз 29 желтоқсан күні Жеңіс саябағында саябақтың күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілуі, сол жерде ерекше форматтағы мерекелік концерт жоспарланып отыр. Сол күнгі мерекелік шарамыз отшашумен аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы