447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық полицейлер өрттен 7 адамды құтқарып қалды

  • 253
  • UPD: 17:57, 21.12.2019
Солтүстікқазақстандық полицейлер өрттен 7 адамды құтқарып қалды

Солтүстікқазақстандық полицейлер өрттен 7 бірдей адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкшетау – Рузаевка бағытындағы тас жолда кезекшілікте жүрген жол сақшылары Ерлан Данкин мен Азамат Бұқоев таңғы сағат 06:30 кезінде Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл елді мекеніндегі жанар-жағармай станциясына тоқтаған. Осы сәтте көмек сұраған дауысты естіген олар бірден оқиға орына жетеді. Осылайша, жанып жатқан үйдің терезесінен іштегі адамдардың барлығын сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақыртқан. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы қызмет атқарып, оттың неден шыққандығын анықталып жатыр.

Ерлан Данкин, облыстық ПД ППБ қызметінің инспекторы:

Үйдің терезесінен көмек сұраған дауыстарды естідік. Содан соң тезірек қоршаудан секіріп өтіп, жаңағы жанып жатқан үйдің ішінен үш кішкентай бала және төрт әйел адамды құтқарып шығардық. Құтқарып жатқан кезде осы жанып жатқан үйдің көршісі бізге көмек көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы